Ауыл

Жарсайға ауызсу келді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қобданың Жарсай ауылына ауызсу берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында: «Су ресурсы — еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды.2025 жылға қарай еліміздің барлық тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қажет», — деп тапсырма берген болатын.

Жарсайдағы жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 386,1 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ауылға су құбыры тартылды.

Ауыл тұрғындарының атынан Абат Аргумбаев сөз сөйлеп, шексіз алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Қазіргі таңда Қобда ауданындағы 15 ауылда орталықтандырылған ауызсу жүйесі, 10 ауылда блокты-модульді кешен бар.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button