Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Smart Bilim мектеп-гимназиясын аралап көрді

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласында жеке инвестициялар есебінен салынған Smart Bilim мектеп-гимназиясына барды.

Президент білім ошағындағы спорт залын, асхананы және шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға арналған ArtLab кабинетін аралап көрді. Сондай-ақ 1-11 сынып оқушыларын негізгі ІТ бағыттар бойынша 3D-модельдеуге баулитын ArtNationkz білім беру жобасымен танысты.

▪️Кәсіпкердің жеке қаражатына салынған бұл мектеп-гимназия биыл қыркүйек айында ашылды. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жұмсалған. Нысанның аумағы – 122 мың шаршы метр.

▪️Бүгінде мектепте 3600 оқушы білім алып жатыр.

Мемлекет басшысы мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, олардың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.

t.me/aqorda_resmi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button