Асхат Шахаров қаржы жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Бүгін облыс әкімдігінде Ұлттық валюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Бүгін ұлттық валютаның айналымға енгеніне – 30 жыл. 1993 жылы еліміз ұлттық валютаны енгізу бойынша шешуші қадам жасады, бұл ұлттық қаржы жүйесін құруға және ақша айналымын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Бүгінде экономика саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Биыл облыс бюджеті 634 млрд теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда бұл 176 млрд теңгеге немесе 38,4%-ға артық. Экономиканың барлық саласының серпінді дамуы жалпы өңірлік өнімнің тұрақты өсуін қамтамасыз етті. Тәуелсіздік алған 32 жылда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді және сенімді түрде бәсекеге қабілетті елге айналуда. Сондай-ақ, ұлттық валютаөзгерістер мен күрделі сынақтардан өтті. Осы уақыт ішінде қаржыгерлер мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыра отырып, елдің игілігі үшін жұмыс істеді. Сіздерге зор алғысымды білдіремін», – деді Асхат Шахаров.
Салтанатты шара барысында бірқатар қаржы саласының қызметкерлері «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Д.АЙДАР.