Басты жаңалықтар

Өзекті мәселелер талқыланды

Жиын

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және цифрландыруды дамыту жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері қаралды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректеріне сәйкес биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша инвестицияның нақты көлем индексі — 108,2%, құрылыс жұмыстары – 120,6%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 105,0%, көлік және қоймалау  ісі 117,9 пайызға жетті. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өнеркәсіп, көтерме және бөлшек саудада төмендеу байқалады.

— Инвестиция тарту өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Облыс бойынша биыл 1,1 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланған. 10 айда инвестиция көлемі 804,4 миллиард теңгеге жетті. Барлық жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету маңызды. Жыл аяқталуға бір жарым ай ғана қалды. Облыстық басқармалар, әкімдіктер облыс экономикасының барлық салаларында өсу қарқынын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауға тиіс,— деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Өңірдегі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бектұрған Зайрымбет баяндады.Бүгінде өңірде қызылша ауруын жұқтырған 2,3 мыңнан астам адам тіркелген. Оның 73,3 пайызы —  екпе алмаған балалар. Аурудың алдын алу бойынша шаралар қабылданған, халықты қосымша жаппай иммундау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бектұрған Зайрымбет облыста жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Сібір жарасы, шешек, нодулярлық дерматит, туберкулез және т.б. қарсы ауруларға қарсы вакцинация толық көлемде жүргізіледі. Бруцеллездің таралмауы да бақылауда. 9 қарашадағы жағдай бойынша 499 мыңнан астам ірі қара малы тексерілді.

Өңір басшысы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Облыстағы цифрландыруға қатысты негізгі міндеттерді іске асыру туралы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев баяндады. Ол қала құрылысының көптеген мәселелерін жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағдарламалары аясында құрылған геопорталдың дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Әсет Отарбаевтың сөзінше, геопорталды дамыту аясында жыл соңына дейін Ақтөбе қаласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің бірқатар қызметтерін («Aqtobe su-energy group» АҚ, «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС, «QazServiceGroup» ЖШС, «ATK Qyzmet» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС)автоматтандыру жоспарланып отыр, бұл тұрғындарға анықтама алу, көрсетілген қызметтер үшін қашықтан қайта есеп айырысуға мүмкіндік береді.

Цифрлық теңсіздікті төмендету мәселесі назардан тыс қалмайды. Осы мақсатта ауылдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету, Ақтөбе қаласында сигналды күшейте отырып, 4G стандартының базалық станцияларын жаңғырту және өңірмектептерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

А.ІЛИЯҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button