Спорт

Есет — ел чемпионы

Дзюдо

Астанада дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Біріншіліктің алғашқы күнінде жерлесіміз Есет Қуанов 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанды.

Жарыстың бірінші күнінде ерлер — 60 және 66 келіге дейінгі, ал қыздар 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шығып, еліміздің 4 бірдей чемпионы анықталды. Атап айтқанда, Нұрқанат Серікбаев (60 келі) пен Есет Қуанов (66 келі) және қыздар арасынан Диана Бүркеева (48 келі) мен Нұрсұлу Ералиева (52 келі) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Дзюдодан биылғыҚазақстанчемпионатына 17 облыс, сондай-ақ Астана, АлматыжәнеШымкентқалаларынанбарлығы 463 дзюдошықатысыпжатыр. Жарыс 15 қарашағадейінжалғасады.

Айта кетейік, Есет Қуанов — самбодан 2017 жылғы әлем чемпионы. Соңғы жылдары дзюдодан да өнер көрсетіп жүр. Мысалы, 2021 жылы Қазанда және 2022 жылы Абу-Даби қаласында өткенGrand Slam жарыстарында қола жүлде алды.

1992 жылы дүниеге келген Есеттің есімі сол жылы 325 жылдық мерейтойы тойланған Есет батыр Көкіұлының құрметіне қойылғанын да бұрын газетімізде жазған едік.

Біз жерлесімізді ел біріншілігіндегі жеңісімен құттықтаймыз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button