Спорт

Серікбол Нұралин — Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Бәрекелді

31 қазан-3 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында дзюдодан өткен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында жерлесіміз Серікбол Нұралин жүлдемен оралды. Жеңіспен оралған балуанды жанкүйерлері Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды.

Әлем біріншілігіне 64 елден 1054 дзюдошы қатысты. Ардагерлер арасында 90 келі салмақта ел намысын қорғаған Серікбол Нұралин күміс жүлдегер атанды.

Дүбірлі дода тартысты өтті. Қарсыластарым Америка Құрама Штаттары, Франция мемлекеттерінің тіс қаққан спортшылары екен. Бұл жарыста 30-35 жастағы спортшылар арасында сынға түстім. Әлем чемпионатына Қазақстан біріншілігінен іріктелген балуандар ғана жолдама алды. Ел намысын асқақтатып, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Маған қолдау көрсеткен отбасыма, достарыма, спорт жанкүйерлеріне ерекше алғыс білдіремін. Ендігі мақсатымыз — дзюдо спортын дамытып, Әлем чемпиондарының қатарын арттыру, — дейді дзюдошы.

Ақтөбе облысы пара дзюдо федерациясының президенті Серікбол Нұралин дзюдо клубындағы балалар мен жасөспірімдерді, есту мүмкіндігі шектеулі және көру қабілеті бұзылған спортшыларды жаттықтырады.

Мұнда 150-ге жуық балалар мен жасөспірімдер, 30 ардагер спортшылар, 15 пара дзюдошылар спортпен шұғылданады.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button