Жаңалықтар

Ақтөбеде 370 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді

Әлеуметтік қорғау

Өңірде әлеуметтік қызметке мұқтаж 3191 адам бар. Олар — жалғызілікті қарттар, мүгедек жандар. 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Қонжардың айтуынша, әлеуметтік қызметкерлер стационар, жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайында арнаулы қызметтер көрсетеді.

— Қазіргі таңда 370 әлеуметтік қызметкеріміз бар. Облыста қарттар мен мүгедектер үшін 2 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Олар қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйі және психоневрологиялық мүгедектерге арналған интернат үйі. Бұл мекемелерде 631  жалғызбасты қарт пен мүгедектер тұрады.

Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері  мүгедектігі бар 406балаға және 1662 қартқа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында психоневрологиялық ауруларға шалдыққан 49 бала тәрбиеленіп жатыр, — дейді ол.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтетұрғылықты жері жоқ адамдар үшін 65 орындық әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмыс істейтіні айтылды. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық та бар.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Қонжарсоңғы 3 жылда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шешімімен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 2 есеге өскенін атап өтті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button