Спорт

Гүлім — қола жүлде иегері

22-29 қазан күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия Пара Ойындары өтті.

Бұл жарысқа елімізден 131 спортшы қатысып, 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль алды. Қазақстан командасы жалпы командалық есепте 11-орынға тұрақтады. Ал 2018 жылғы құрлықтық Пара Ойындарда 13-орын алған болатын.

Қазақстандық атлеттер Ханчжоуда 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 9 түрінен жүлделер еншіледі. Пара дзюдошыларымыз 3 алтын медаль, одан бөлек тағыда 4 күміспен 7 қола жүлде иемденіп, жалпыкомандалық есепте 2-орын алды. Пара жүзушілерде 3 алтын жеңіп алса, ал пара пауэрлифтинг пен пара жеңіл атлетикадан ел құрамасына бір-бір алтыннан бұйырды. Сонымен бірге біздің спортшылар пара каноэ, пара таэквандо, пара велоспорт, шахмат және отырып ойнайтын волейболдан жүлделер еншіледі.

Жүлдегерлердің арасында біздің жерлесіміз Гүлім Құрманбаева да бар. Ол пара пауэрлифтингтен 45 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Бұл — ақтөбелік спортшылардың осы жарыстағы бірден-бір жетістігі.

Жалпы, IV Азия Пара Ойындарына 43 мемлекеттен 4 мың спортшы қатысқан.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button