Басты жаңалықтарМереке

Ту көтеру рәсімі өтті

Еліміздің барлық өңірінде Республика күніне арналған мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. «Ақорда» резиденциясының алдында болған негізгі іс-шарға Мемлекет басшысы қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен мемлекеттік Ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды. Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды.

Ақтөбе қаласындағы Орталық саябақта өткен дәл осындай іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.

Салтанатты жиында Ақтөбе қалалық Мәдениет үйі жанындағы үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Әнұран шырқалды. Ұлттық ұлан сарбаздары көк байрағымызды көкке көтерді. Рухты көтеріп, кеудені қуаныш кернейтін іс-шараны зиялы қауым, ардагерлер, жастар және мерекені көруге жиналған қала жұртшылығы тамашалады.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button