Мәдениет

Бірліктің бірегей үлгісі

Достық

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы шығармашылық ұжымдарының «Елім деп соққан жүрегім» тақырыбында өткізген мерекелік шарасы Республика күніне арналды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, сондай-ақ этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты.

Салтанатты шарада еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қадамдарына қатысты тарихи шолу жасалды. Жиналғандарды Республика күнімен құттықтаған Бұлбұл Елеусінова: «1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларациясы қабылданып, әлем картасында жаңа мемлекет — Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Осылайша 25 қазан — Республика күні мәртебесін алып, қазақ елі жаңа кезеңге аяқ басты. Өз алдына республика болған қазақ елі күннен-күнге дамып, өрлеп, мемлекетіміз көпұлтты қасиетті шаңыраққа айналды. Бүгінгі таңда біздің еліміз өзіне тән барлық институты бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі саналатын мемлекет», — деді.

Мерекеде ассамблеяның белсенді мүшелері мен бір топ ардагер, жастар Бұлбұл Елеусінованың қолынан облыс әкімінің Алғыс хаттарын алды.

Шарада өнер көрсеткен өзге ұлт өкілдерінің концерттік бағдарламасы бірыңғай қазақ тілінде ұсынылды. Олар патриоттық тақырыптағы әндер мен билерді көрерменге паш етті.

А.НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button