Мәдениет

Күйшіге арналған кеш

Ш.Берсиев атындағы аудандық өнер және өлке тарихы музейінде ойылдық күйші Сәулебай Ерубайұлының 160 жылдығына арналған тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара «Ойыл» мешітінде Сәулебай Ерубайұлына Құран бағыштаумен басталды. «Шұғыла» мәдени-демалыс орталығында өткен кешке дәулескер күйшінің ұрпақтары, еңбек ардагерлері, Ойыл аудандық балалар музыка мектебінің ұстаздары мен өнерпаз оқушылар, мәдениет қызметкерлері қатысты.

Сәулебай Ерубайұлы өз заманындағы Ойылдың даңқын шығарған дәулескер күйші болған. Күйшінің туғанына 160 жыл толуына арналған іс-шараға өңірдің түкпір-түкпірінен ел азаматтары жиналды. Белгілі қаламгер Нұрлыбек Қалауов шығарған «Ақтөбе облысының күй өнері» антологиясына Сәулебай атамыз туралы мол мағлұмат енгізілген. Іс-шарада осы кітап та таныстырылды, — дейді Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры Балқия Рысбаева.

Салтанатты іс-шара соңында Ойыл аудандық балалар музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздары өз өнерін көрсетсе, ауыл азаматтары мен мәдениет қайраткерлері күйші туралы естеліктерімен бөлісті.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button