Спорт

Наргиз бен Сымбат — әлем чемпионы!

Бәрекелді

Биыл 8-12 қыркүйек аралығында Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында гір тасын көтеруден өткен әлем чемпионатында Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің техник-бағдарламашы мамандығының төртінші курс оқушылары — Наргиз Бекежан мен Сымбат Жайнаузовалар чемпиондық атақпен оралды.

Байрақты бәсекеге әлемнің 25 елінен 650 спортшы қатысқан. Аталған чемпионатта Наргиз Бекежан әлем чемпионы атанса, Сымбат Жайнаузова күміс жүлдегер болды.

Олар — спорттық жарыстарда ғана емес, колледжде де белсенділік танытып жүрген оқушылар. Атап айтсақ, Наргиз Бекежан 2022-2023 оқу жылында еліміздегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «Үздік 100 студент»  республикалық конкурсында жеңімпаз атанып, арнайы диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Сымбат та осындай түрлі байқаулардың жеңімпазы.

Бүгінде Наргиз бен Сымбаттың есімдері колледжде ғана емес, республикаға жақсы таныс. Олар — спорттағы жетістіктерімен де, өмірлік ұстанымымен де жерлестерінің шынайы құрметіне бөленіп жүрген жастар.

Клара БЕКБАШЕВА,

Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button