Мәдениет

Балтабектің тырнақалдысы


Т.Ахтанов атындағы драма театрда маусымнан тыс жаңа қойылымның тұсаукесері өтті. Оның режиссері — Темірбек Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясы театр өнері факультетінің драма театр режиссурасы бөлімінің 4-курс студенті Балтабек Нұрғалиев. Жас талап режиссер   жапон жазушысы әрі  драматургі, сценарисі Кобо Абэнің «Құм құрсауындағы әйел» романы бойынша өзі дайындаған сахналық нұсқасын қойды. Спектакльдің сценографиясына да өзі атсалысты. Ал актерлердің киім үлгілерін Т.Жүргенов атындағы  өнер академиясында театр суретшісі мамандығы бойынша оқып жатқан  Лариса Әбдібаева жасады.

Екінің бірі оңайлықпен түсіне бермейтін шығармада  актер Кеңес Кемалбаев сомдаған сабағына қажетті жәндік аулаймын деп жүріп, құм шұңқырға түсіп кеткен мектеп мұғалімінің басындағы шарасыздық көрерменін сан түрлі ойларға жетелейді. Құм ішіндегі өміріне мойынсұнған жалғыз әйелдің ( актриса Майрагүл Бүркітова) әңгімесі мен тірлігі де таң қаларлық.  Жал-жал құмдардың рөліндегі актрисалар  да, кішкентай баланы ойнаған Айдар Шаймұханов та спектакльдің шырайына шырай қосты.

Студент қойылымы сәтті шықты, көрермендер жылы қабылдады.

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button