Басты жаңалықтар

Досжан хазірет есімі ұлықталды 

Руханият

Кеше Темір ауданында Досжан хазірет мемориалды кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Досжан Қашақұлы — діни ағартушы, қоғам қайраткері. Азан шақырып қойылған есімі—Досмұхаммед, бірақ ел аузында Досжан аталып кеткен. Үш рет қажылыққа барған ол бірнеше мешіт-медресе салдырған, бала оқытқан.

Ақтөбеден шыққан діни қайраткердің құрметіне Шұбарқұдық кентінде алдымен Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры актерлері «Аманат» қойылымын  сахналап, артынша «Досжан ишан —Қазақстанның ХІХ ғасырдағы көрнекті діни қайраткері және рухани ағартушысы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Жиында облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Тағанұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев, Досжан хазіреттің шөпшегі Асқар Хабибуллин, т.б. сөз сөйледі.

Өнегелі

Ісімен тарихта қалған, қазақ руханиятына

Өлшеусіз

Үлес қосқан Досжан хазіреттің ұлт мүддесі үшін атқарған еңбегі орасан зор. Қазақтарды қажылыққа бастап апарып, көпшіліктің діни білім алуына ерекше еңбек сіңірген Досжан Қашақұлының есімін ұлықтау, өзгелерге үлгі етубіздің өскелең ұрпақ алдындағы парызымыз. Ұлағатты ұстаз, ағартушы, бірегей тұлғаға арналған мемориалды кешеннің ашылуы сол игіліктің істің басы деп білеміз, —деді Бұлбұл Елеусінова.

Түс ауа мемориалды кешен—Досжан хазіреттің қажылыққа барған сапарларының мерзімі көрсетілген барельеф, музей-үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, баба рухына Құран бағышталды. Шара соңында құрбандық шалынып, баба рухына ас берілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Ақтөбе-Темір-Ақтөбе.

(Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар). 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button