Басты жаңалықтарӘлеумет

2024 жылы облыс тұрғындары 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етіледі

 Ақтөбе облысы Мемлекет басшысының тапсырмасын дер кезінде орындап, келер жылы халықты таза ауыз сумен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізбек. Бүгінде облыс тұрғындарының 98,6 пайызы таза ауызсумен қамтылған. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев айтып берді.

Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы 8 ауылға орталықтандырылған су жүйесі жүргізіліп, 24 ауылға кешенді блок-модуль орнатылған.

Биыл 21 ауылға орталық су жүйесі жүргізіліп, 14 ауылға кешенді блок модульдер орнатылып жатыр. Сондай-ақ 25 ауылдың тұрғындары ауласында су ұңғымасы болғандықтан кешенді блок-модульдер орнатудан бас тартты. Халықты ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 33 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған мемлекеттік бюджеттен 10,8 миллиард теңге қарастырылған. Жоба уақтылы аяқталса 881 мың адам (98,6 пайыз) ауызсумен қамтамасыз етіледі, — дейді ол.

Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, өңіріміздегі жерасты сулары барлау жұмыстарын қажет етеді. Биыл 14 тұрғын үй алабындағы 8 елді мекендегі жерасты суларына барлау жұмыстары жүргізілген.

Тұрғын алаптарында тұрғын үйлердің көптеп салынуына байланысты су тапшылығы байқалады. Өңіріміздегі су тоғандарының қуаты қаланы толық сумен қамтамасыз етуге жеткіліксіз болады. Бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында 5 маңызды жоба қолға алынып жатыр. Жобалар толық аяқталысымен қаламызға қосымша 70,0 мың текше метр су беріледі, — дейді басқарма басшысы.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button