Басты жаңалықтарӘлеумет

Ақтөбе облысының даму бюджеті 2,4 есе өсті – Ералы Тоғжанов

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Ералы Тоғжанов облыстық мәслихат депутаттармен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

Отырыс барысында Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалғаннан бергі 1 жылда атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы қысқаша айтып берді.

Аталған кезеңде Ералы Тоғжанов облыстың барлық 12 ауданына 100-ден астам жұмыс сапарымен барды, нақты шешімдер қабылданған негізгі түйткілді мәселелерді жеке бақылауға алды.

Өздеріңіз білетіндей, Ақтөбе облысының басты проблемаларының бірі – жолдардың нашарлығы. Өңір басшысы алғашқы күннен бастап бұл мәселені шешуге ерекше көңіл бөлуде.

Нәтижесінде, қайта жөнделген «Ақтөбе-Қандыағаш» трассасының төрт жолағының екеуін халық игілігін көруде. Биыл жол 80%-ға аяқталып, келесі жылы толық  пайдалануға беріледі.

Қысқа мерзімде 41-разъезд  ауданында «Оңтүстік айналма жол» автожолы бойынша көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Естеріңізге сала кетейік, мұнда жөндеу жұмыстары бірнеше жылға созылған еді. Қазан айында осы учаскеде асфальт төсеу толығымен аяқталады.

Сондай-ақ, былтыр «Оңтүстік айналма жол» автожолында Елек өзені арқылы өтетін көпірге ағымдағы жөндеу жүргізілді, ал биылғы жылы қысқа мерзімде күрделі жөндеу жүргізілді.
Өткен жылы жол құрылысының басты проблемасы битум тапшылығы болды. Осыған байланысты 11 млрд теңгенің жобалары тоқтап қалды. Уақытылы қабылданған шешімдері мен келіссөздердің арқасында құрылыс материалының қажетті көлемі қамтамасыз етілді.

Есепті кезеңде өңірдің тағы бір үлкен жетістігі облыс бюджетінің едәуір ұлғаюы болды.

«Өткен жылдың қыркүйек айында облыс бюджеті 429 млрд. теңгені құраған болатын. Бүгінгі күні өңір бюджеті 209 млрд. теңгеге артып, 638 млрд. теңгеге жетті.
Даму бюджетін – өңіріміздің барлық саладағы екпінді дамуына серпін беріп отырған көрсеткіш деп атап өтер едім.
Бүгінгі таңда, Ақтөбе облысы бойынша даму бюджеті 153 млрд. теңгені құрайды. Бұл былтырғы жылдың бюджетімен салыстырғанда 2,4 есеге немесе 89 млрд. теңгеге көп. Даму бюджетін ұлғайту 2018 жылдан бері тұрып қалған 30 нысанның құрылысын қайта жандандыруға мүмкіндік берді. Атап айтатын болсам, ол көптен шешімін таппаған 15 мектеп, 6 спорт кешені, 6 тұрғын үй құрылысы, 1 денсаулық сақтау нысаны, өрт сөндіру және шұғыл басқару орталығы құрылысы, оңтүстік айналма және Тәуелсіздік даңғылы бойындағы жолдарды қайта жаңарту, бес ауылға газ құбырларын салу»
, – деді Ералы Тоғжанов.

Бұдан басқа, өңір үшін стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру басталды, оның ішінде құны 43,4 млрд теңге болатын «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының үшінші желісін, құны 54 млрд теңгеге жуық жаңа кәріз-тазарту құрылыстарын салу, құны 530 млрд теңгеге жуық «Ақтөбе-Ұлғайсын» трассасын жөндеу жөніндегі жобасын әзірлеу, соңғы 30 жылда жөндеу көрмеген «Қандыағаш-Шалқар» трассасын жөндеу жұмыстары.

Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру басымдықта қала береді. Ағымдағы жылдың жеті айында облыс экономикасына 470 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңір тарихында алғаш рет жыл соңына дейін 1 трлн теңгеден астам қаражат тарту жоспарлануда.

Жалпы, 2023 жылдан 2025 жылға дейін 3,1 трлн теңге сомасына 17 ірі жобаны іске асыру бойынша меморандум

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button