Басты жаңалықтарӘлеумет

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ең жоғары заңдық күші бар құжат — Ата Заңымызда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Тәуелсіз мемлекетіміз халықаралық қоғамдастықта лайықты орнын алып, Әділетті Қазақстан құру жолындағы ізгілікті қадамдарымен болашаққа бекем бағыт ұстауда.

Біздің негізгі Заңымыз — елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы!

Еліміздің әр азаматы Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өсіп-өркендей берсін!

Сіздерге мерекелік көтеріңкі көңіл күй, мықты денсаулық, ырыс-ынтымақ, құт-береке тілеймін!

Ералы ТОҒЖАНОВ,

Ақтөбе облысының әкімі.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button