Спорт

Бадамшадағы жарыс

Бадамшада жазғы спартакиада ұйымдастырылды. 8 ауылдық округтен келген 180 қатысушы жазғы спорттың 5 түрі бойынша сынға түсті.

— Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен белсенді шұғылдануға шақыру — негізгі міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар спортына, бұқаралық спортқа баса мән беріп, дамыту керектігін айтты. Біз баршамыз осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз қажет, — деді ұйымдастырушылар.

Нәтижесінде жүлделі 1-орынды «Қосестек» командасы, 2-орынды «Ащылысай» командасы, 3-орынды «Бадамша» командасы жеңіп алды.

Жарыс соңында спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі мен  жастар ресурстық  орталығының Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Жұлдыз КЕНЖЕ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button