Ауыл

40 ауланың көркі

 Ақтөбеде көппәтерлі үйлердің аулаларын және кіреберіс жолдарын асфальттау жұмыстары жалғасып жатыр.
Ақтөбе қаласында аула аумақтарының жалпы саны 800-ден асады. Биыл 100 аулаға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде былтыр басталған Әуе қалашығы, 11 және 12-шағын аудандарындағы 15 аулада жұмыстар биыл аяқталды.

Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жасалып жатқан 40 ауланың көркі кіре бастады. Жоспар бойынша Құрмыш, Шанхай, Тұрғындар қалашығы шағын аудандарындағы аулалар және Ақтөбе қаласының орталық көшелері, Есет батыр мен Тургенев көшелеріндегі аулаларды жөндеу қарастырылған. Жыл соңына дейін 45 ауланы жөндеу жоспарланған, қазіргі уақытта бұл шаруаны қолға алатындар арасында конкурс өтіп жатыр.
Бүгінде Маресьев, Сәңкібай батыр, Тургенев, Шернияз, Рысқұлов, Алтынсарин, Молдағұлова және тағы басқа көшелердегі аула аумақтарында «Ақтөбе адал құрылыс» ЖШС және «Астана монолит» ЖШС-ның бригадалары жұмыс істеп жатыр.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button