Спорт

Жерлестері құрмет көрсетті

Күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында ақтөбелік Дінислам Сағитжанның қола жүлдеге ие болғанын жуырда жазған едік…

14-20 тамыз аралығында Иорданияның астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен жастар (21 жасқа дейінгі) арасындағы әлем чемпионаты өтті.

Қазақстандық жас балуандар бұл чемпионатта үш жүлде жеңіп алды, бағы жанғандар қатарында біздің жерлесіміз Дінислам Сағитжан да бар. Грек-рим күресінен ұлттық жастар құрамасының мүшесі, 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жас балуанымыз қола медаль үшін таласта АҚШ балуаны Лэндон Майкл Дрюриді 9:0 есебімен ұтқан еді.

Дінислам Сағитжан — Шалқардағы В.Н.Цеханович атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Есіңізге сала кетсек, осы мектептің тағы бір түлегі — Мейрамбек Айнағұлов 2011 жылы грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде алып, ал 2017 жылы ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Амманнан оралған Дінисламды шалқарлық жерлестері арнайы құттықтап, тұлпар мінгізді.

Бүгінгі күні Дінислам — әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Біз оған алдағы жарыстарда үлкен жеңістер тілейміз.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button