Ауыл

Сол бір кезге сағыныш...

Жақында Қобда аудандық Мәдениет үйінде алғаш рет «Сол бір кез…» атты ретро ән, би байқауы өтті.

Аталған байқауға аудан орталығындағы «Белсенді өмір сүру орталығы» ұжымы, аудандық Мәдениет үйінің «Айқаракөз» халықтық әжелер ансамблі, Білтабан ауылынан келген өнерпаз Николай Жишковский және «Ассорти» би тобы, сондай-ақ Жарық, Қобда ауылдарының тұрғындары қатысты.

Ретро әндер байқауына аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Кереймағанбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маман Бибігүл Қылышбаева, Қобда аудандық сайлау комисиясының төрағасы Ақшолпан Оразова төрелік етті.

Қатысушылар екі номинация бойынша өнер көрсетті. Өнерпаздар 70-90 жылдардағы әндерді орындап, ретро биден бақ сынады.

Сонымен, «Сол бір кез…» атты байқаудың «Ретро ән» номинациясында бірінші орынға әжелерден құралған «Айқаракөз» халықтық ансамблі лайық деп танылды. Екінші орынға Ақзиба Нұрхасанова ие болды. Үшінші орынды Мария Сертаева мен Ләтипа Өтенова, «Белсенді өмір сүру орталығы» ұжымы иеленді. Қалған қатысушылар Алғыс хатқа ие болды. «Ретро би» номинациясында алдына жан салмай өнер көрсеткен Білтабан ауылынан келген «Ассорти» тобы жеңімпаз атанды. ІІ орынға «Белсенді өмір сүру орталығы» ұжымы, ІІІ орынға Жарық ауылының тұрғыны Қаламша Бесмағанбетова лайық деп танылды

Айман САРБАЛА,

Қобда аудандық Мәдениет үйінің әдіскері.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button