Басты жаңалықтарӘлеумет

Конституция күніне орай Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдар біржолғы төлем алады

 30 тамыз – елімізде ҚР Конституциясы күні. Атаулы күнге орай, Ақтөбе облысының әкімдігімен мүгедектігі бар адамдарға біржолғы төлем беріледі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша төлем мөлшері 50 мың теңгені құрайды. Атап айтқанда, жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 23,6 мыңнан астам азаматқа материалдық қолдау көрсетілетін болады.

Оның ішінде, мүгедектігі бар 5 мыңға жуық балаға төлем жасалады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button