Басты жаңалықтарӘлеумет

AMANAT партиясының Ақтөбе қалалық филиалы екі жылдық жұмысын қорытындылады

Бүгін AMANAT партиясы  Ақтөбе қалалық филиалының кезекті ХХХIХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиында партия филиалының екі жыл ішінде атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы міндеттер талқыланды. Сондай-ақ партияның облыстық филиалының  кезекті ХХХV есеп беру конференциясына делегаттар сайланып, саяси кеңес және саяси кеңес бюросының жаңа құрамы бекітілді.

Жиынды ашқан партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов өткен жылдар маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болғанын, ал қалалық филиал ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өтті. Әсіресе республикалық референдумға, сайлау науқандарына, партияның Сайлауалды бағдарламасын және партиялық жобаларды жүзеге асыруға, Жол картасы нысандарын бақылау жұмыстарына партия филиалы зор үлес қосқан.

-Партияның қалалық филиалы фракциясы жаңа шақарылымда 4 рет отырыс өткізіп, жергілікті атқарушы органдарға 12 ұсыным жолдады. Алдағы уақытта атқарылар жұмыс әлі де көп. Фракция мүшелері партиялық бақылау комиссиясымен бірге Жол картасында жоспарланған іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру қажет. Әсіресе депутаттар құрылыс және жөндеу жұмыстарына рейдтер жүргізіп, қорытындысын фракция отырысы мен партиялық бақылау отырыстарында талқылауы тиіс, – деді Ербол Данағұлов.

Партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Рахымжан Низамутдинов атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, қаладағы 13 383 партия мүшесін 17 ірі бастауыш партия ұйымы біріктіріп отыр. Екі жыл ішінде 4 конференция, 5 Саяси кеңес және 13 саяси кеңес бюросының отырысы өткен. Партияда тұрғындардың өтініштері мұқият қаралады.

-Қалалық филиал жанындағы қоғамдық қабылдау бөліміне есепті жыл ішінде 1260 арыз-шағым түсті. Оның 807-сі, яғни 64 пайызы  оң шешімін тапты. Азаматтар көбіне  әлеуметтік қамсыздандыру, соның ішінде  материалдық көмек көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер телімдерін бөлу мәселелері бойынша жүгінеді, – деді Рахымжан Низамутдинов.

AMANAT партиясы ауыл және қала тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Бұл жоба Ақтөбе қаласында қыркүйек айынан басталады. Арнайы тренерлер 1700 адамды оқытуды жоспарлап отыр. Оқу аяқталған соң арнайы сертификаттар табысталады.

Партияда «Жер Аманаты» партиялық жобасы жүзеге асып келеді. Жобаның мақсаты – пайдаланылмай бос жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару. Осы жылы қала аумағы бойынша 811,6 гектар жер қайтарылса, жылдың аяғына дейін 200 гектар жерді мемлекетке қайтару жоспарланып отыр. Сондай-ақ партия филиалы қайтарылған жердің тұрғындарға қолжетімді болуына жұмыстанады.

«Бақытты от­­­басы» партиялық жобасы бойынша жыл басынан бері 43 іс-шара өткен. Оның ішінде қалалық мәслихат депутаттарының демеушілігімен «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы бойынша  300-ге жуық балаға көмек көрсетілді.  «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша 30 іс-шара, оның ішінде 10 тақырыптық қабылдаулар ұйымдастырылды.

Жиында Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова сөз сөйлеп, фракция мүшелерінің атқарған жұмыстарын айтып берді. Конференцияның қорытындысы бойынша партияның облыстық филиалының  кезекті ХХХV есеп беру конференциясына 53 делегат сайланып, қалалық филиалдың саяси кеңесі және саяси кеңес бюросының құрамы 50 пайызға жаңартылды.

М.Бектұрсынова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button