Басты жаңалықтарСпорт

Ералы Тоғжанов белгілі футболшыға «Ақтөбенің» жейдесін сыйға тартты

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Тобыл» клубының бас директоры Андрей Канчельскисті қабылдады.

Кездесу барысында өңір басшысы аты аңызға айналған футболшының спорт саласына қосқан үлесін, әлемдік жұлдыздың қазіргі уақытта Қазақстан футболындағы орнын ерекше атап өтіп, алғысын білдірді.

Ералы Тоғжанов белгілі футболшы Андрей Канчельскисге «Ақтөбе» футбол клубының жейдесін сыйға тартты. Өз кезегінде құрметті қонағымыз да облыс басшысының ілтипатына ризашылығын білдіріп, әйгілі «Манчестер Юнайтед» клубының жейдесін сыйлады.

Андрей Канчельскис бүгінде «Тобыл» клубының бас директоры. Бұрын «Манчестер Юнайтед» және «Эвертон» сияқты әлемдік деңгейдегі футбол клубтарында ойнаған. Сонымен қатар «Динамо« Киев, «Фиорентина», «Рейнджерс», «Манчестер Сити» сияқты футбол клубтарында негізгі құрамында өнер көрсеткен.

Еске салайық, ертең, 20 тамыз күні сағат 19:00-де Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда футбол өтеді. «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында «Тобылды» қабылдайды.

М.ТАБЫН

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button