АуылБасты жаңалықтар

Ауылдағылардың еңсесін көтеру үшін төмен пайызбен несие берілуде

Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманаты» жобасына қатыса алады. Ендеше ауыл шаруашылығына қатысты өз идеяңыз болса, осы жобаға қатысып, өте төмен пайызбен несие ала аласыз.

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасына 6,5 мрлд теңге қаржы бөлінген.

Несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз.

«Ауыл аманаты» жобасына облыстағы 12 аудандағы ауыл тұрғындары қатысады.

Несие беру бағыттары:

1. Мал шаруашылығы
2. Өсімдік шаруашылығы
3. Құс шаруашылығы
4. Балық шаруашылығы
5. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және жабдықтау
6. Ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашуы

• Жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін – 2500 АЕК дейін.
• Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін – 8000 АЕК дейін несие беріледі.
• Микрокредит мерзімі – 5-7 жыл.
• Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 ай.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button