Басты жаңалықтар

ДААД — халықаралық білім берудің жаңа мүмкіндігі

Шет елдердегі халықаралық білім беруде маңызды ұйымдардың бірі Германияның Академиялық алмасу қызметі (ДААД) елімізде 90-шы жылдардың басынан бері жұмыс істейді. Қазақстан мен Германия қарым-қатынасының үйлесімді дамуы ДААД-тың мәдениет және білім саласында ғылыми тәжірибе алмасуы ғана емес, сонымен қатар  оқытушылар мен студенттердің іс-тәжірибе жинақтауына, неміс тілін шет тілі ретінде оқытуға ықпал етеді. ДААД-пен ынтымақтаса жұмыс істеу еліміздің білім беру және ғылым саласында әлемдік деңгейге жетуіне мүмкіндік береді.

Тіл үйренудің тиімді жолы

Бүгінде Қазақстан мен Германия арасындағы мәдениет пен білім саласындағы өзара байланысты Герман Академиялық алмасу қызметі (ДААД) ұштастырып отыр. Тек осы ДААД-тың шәкіртақысы арқылы былтыр Қазақстанның 120 студенті Германиядағы жоғары оқу орындарында білім алған. Осы жылдың сәуір айында ДААД бағдарламасы арқылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті техника факультетінің бір топ студенті Германияға барған болатын. Мақсат — Германиядағы бірқатар жоғары оқу орындарының оқу процесі, жалпы жұмысы және олардың өндіріспен байланысын  көріп, танысу.

Ахмет Мырзағалиев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті техника факультетінің деканы:

Қазір студенттер техника факультетінде 9 мамандық бойынша білім алуда.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талабы бойынша, еліміздегі әрбір жоғары оқу орыны шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыс жасауға тиіс. Осы бағытта университетте үлкен істер атқарылып жатыр. Соның бірі — Германияның ДААД бағдарламасы бойынша жұмыс істеу. Бұл бағдарламаның әртүрлі бағыттары бар. Бірінші бағыт — бару, танысу, көру. Ол үшін студенттер өз жобасын ұсынуы тиіс. Бағдарламының келесі бағыттары бойынша студенттердің болашақта бакалавриат, магистратурада өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік бар. Факультеттің «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша 11 студент осы бағдарлама аясында Германияның ең таңдаулы жоғары оқу орындарында болып, шетелдің оқу процесімен танысып, өз мамандықтары бойынша өндіріс орындарын аралауға мүмкіндік туды. Сол сияқты, ДААД бағдарламасы арқылы онлайн режимінде өткен халықаралық байқауда факультеттің дизайн мамандығының 3-курс студенті Марина Саушкинаның жобасы 670-тен астам жұмыстың ішінде үздік танылып, Берлин қаласында 3 апта шебер кластан өтуге жолдама алды.

Бағдарлама аясында неміс тілін жақсы білетін студенттерге жыл сайын тілді одан әрі дамыту үшін ДААД ұйымдастыратын Германия университеттерінде жазғы тіл курстарына баруға да мүмкіндік бар.

Оқытушылар берген баға

Ақтөбелік студенттерді Германияға бастап барған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті техника факультетінің «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушы Мақсат Ермановтың айтуынша, университет студенттері осыдан екі жыл бұрын ДААД бағдарламасы бойынша «Студенттік сапар» жобасын әзірлеп, онлайн режимінде халықаралық байқауға қатысады. Студенттер дайындаған жоба үздіктер қатарынан орын алып, былтыр желтоқсан айында университетке Германиядан ДААД-тың бірінші бағыты бойынша шақырту келеді. Бұл сапарға студенттер ерекше құлшыныспен, қызғушылықпен дайындалыпты. Ең бастысы, тіл үйрену керек болды. Бұл орайда университет оқытушысы Светлана Нягудың еңбегі ерекше.

Студенттер Германияның Берлин, Вольфсбург, Лейпциг, Дрезден, Вартбург, Карлсруэ, Штутгарт және Раштатт қалаларында болды. Берлиндегі, Дрезден және Карлсруэ қалаларындағы университеттерді аралап, ондағы оқу процесімен, заманауи талапқа сай жабдықталған зертханамен танысты. Неміс студенттерімен бірге бір партада отырып, кафедра жетекшілері мен профессорлардың лекциясын тыңдады.

Бүгінде Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті Ресей, Украина, Белоруссия, Жапония, Германия, Польша, Чехия, Дания және өзге де елдердің әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстар жасайды. Студенттердің дүниежүзілік білім жүйесіне араласуы арқылы көптеген шетелдермен студенттік алмастыру бағдарламалары шеңберінде университетте әртүрлі жұмыстар орындалуда.  Басқа елдердің өкілдерімен кездесіп, қарым-қатынас жасау студенттердің дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға зор әсер етеді. Елімізде он жеті жылдан астам уақыт бойы Германияның Академиялық алмасу қызметі нәтижелі жұмыс жасап келеді. Осы бағдарлама аясында университеттің техникалық факультетінің «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының студенттері жоба жұмыстарын орындап, Германияның атақты университеттеріне жіберген болатын. Жоба жұмыстарын жазу кезінде, студенттер екі жылға жуық уақыт бойы көп ізденіп, Германия университеттерінің профессорларымен тығыз байланыста болып, үлкен еңбек  атқарды. Осы еңбектің нәтижесінде Германияға сапар шектік. Германия университеттерінің қай-қайсысында да жоғары технологиямен жабдықталған зертхана кабинеттері бар.  Мәселен, Карлсруэ қаласындағы 125 жылдық тарихы бар жаңа технология институтында болдық. Мұнда зертханалық жұмыстардың барлығы тікелей өндіріспен байланысты. Яғни, студенттердің зертханалық жұмысы компьютер арқылы көлік шығаратын зауыттарға жетіп отырады. Германияның оқу орындарында қарапайым іс-тәжірибенің өзі зауыттардың конструкторлық және технологиялық қажеттілік бағдарламасына бейімделіп жүргізіледі. Оқу орындарының зертханасын мемлекеттік деңгейде жабдықтау мәселесі жақсы жолға қойылған. Бұл істе жергілікті мекемелер де демеушілік көрсетеді. Бір қызығы, Қазақстан мен Германияның оқу процесі бір-біріне ұқсас. Айтарлықтай пәндер айырмашылығы жоқ.  Тек бізде сол пәндерге қосымша тектес пәндерді қосу арқылы жетілдіріп білім беру жағынан артықшылық байқалады. Германияның әлемге әйгілі техникалық университеттерінің профессорлары біздің студенттердің теориялық білімін  «өте жақсы» деп бағалады, — дейді Мақсат Ерманов.

Осы сапарда студенттер Раштатт қаласындағы «Мерседес Бенц» автокөлігінің «А», «В» класын өндіретін «Даймлер» зауытында болды. Немістің «Фольксваген» маркалы көлігін шығаратын зауыт ісімен танысты. Штутгарт қаласындағы «Porsсhe» автокөлігінің мұражайын тамашалады.

Мақсат Бекболсынұлының айтуынша, Германияда студенттердің әлеуметтік жағдайына баса назар аударылған. Неміс студенттерінің сабақтан тыс уақыты конструкторлық бюрода өтеді. Бұл жерде студенттер өз ойымен ғана жұмыс жасайды. Конструкторлық бюрода олар машина жасау өзіндік жұмыстарымен машықтанады.

Германияның жоғары оқу орындарының ерекшелігі  — классикалық университеттердің дәстүрлі және қазіргі заманға сай ғылыми жетістіктерді ұштастыра біледі. Олар неміс және ағылшын тілдерінде пәнаралық білім беруге және теория мен тәжірибенің тығыз байланысына зор көңіл бөледі. Германияда студенттерге тәжірибелік оқуға бағдарланған кәсіби білімді ұсынумен қатар, ғылыми зерттеулерге аса көп мән беріледі. Бірақ оқу процесі негізгі болып табылады. Неміс университеттерінде және ғылыми орталықтардағы зерттеулер алдыңғы қатарлы халықаралық зерттеулерге жатады, — деді М.Ерманов.

Неміс тілінде курс ашылады

Мақсат Бекболсынұлының айтуынша, елімізде неміс тілін тереңдетіп оқытатын санаулы мектеп бар. Солардың бірі — Ақтөбедегі №11 орта мектеп. Германия сапарынан кейін университет оқытушылары мен студенттер осы мектептің оқушыларымен кездесу ұйымдастырыпты.

ДААД бағдарламасы аясында жұмыс істеу үшін неміс тілін жетік меңгеру қажет. Оқушылармен кездесудегі мақсат — оларға ДААД бағдарламасын түсіндіру әрі болашақта неміс тілін тереңдетіп оқып келген студенттермен осы бағытта жұмыс істеу. Қазір Ақтөбе қаласындағы «Асers» тіл үйрету орталығына университет студенттеріне жеңілдетілген түрде курс жүргізуге ұсыныс жасап жатырмыз. Университет ректоры Кенжеғали Кенжебаев студенттердің әлемдік деңгейде сапалы білім алуына жоғары талап қойып, оған университет тарапынан барлық мүмкіншіліктерді жасауда, — дейді М.Ерманов.

Неміс тілінде білім алу үшін неміс тілінің білім деңгейі жоғары болу керек. Халықаралық бағдарламаның негізгі талабы да — осы. Болашақта университетте студенттерге сабақтан тыс уақытта неміс тілін үйрететін курстар ашылатын болады.

Білім жетілдірудің зор мүмкіндігі

Айгүл Жұмақұлова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті техника факультетінің түлегі:

— Халықаралық ДААД бағдарламасы бойынша Германия қаласына барып, ондағы жоғары технологиямен жабдықталған бірқатар өндіріс орындарында болдық. Бұл — білімімді тексеріп, әрмен қарай жетілдіруге жасалған зор мүмкіндік болды. Германияның ең таңдаулы жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа әдістерімен танысып, неміс мәдениетінің биік үлгісін көрдік. Раштатт қаласындағы «Мерседес» автокөлігінің «А», «В» класын өндіретін «Даймлер» зауытында болдық. Мұнда көлік жасау процесі автоматты робатталған түрде жүргізіледі. Зауытта өндірілген өнімдер 15 лазерлі тексерістен өтеді. Егер жасалынған көлік қалқаны тексерістен өтпей қалса, металломға жөнелтіледі. Осы сапарда неміс студенттерімен тең дәрежеде әңгімелесіп, білім және мәдениет саласында өзара пікір алыстық. Бұл орайда біздің Германияға баруымызға мейлінше жағдай жасаған ДААД бағдарламасы бойынша Қазақстандағы филиал басшысы Ева Портиусқа, университет ректоры Кенжеғали Кенжебаевқа және оқытушыларымызға зор алғыс айтамын.  Бір қызығы, Германия мектептерінде оқушылар 13 жыл оқиды. Мектеп бітіргеннен соң ер балалар 10 ай әскери борышын өтеп, содан соң ғана  университетке түседі. Берлинде студенттермен кездесу кеші ұйымдастырылды. Неміс студенттерін еліміздің тарихы мен мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі қызықтырды. Қазақстанға келуге уәде берді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button