Әлеумет

Анардың жеңісі

Жуырда Астана қаласындағы  Ұлттық академиялық кітапханасы 10 тамыз — Абай күніне орай «Абай менің жүрегімде» атты бейне-reels байқауын жариялаған болатын. Сол байқауда жерлесіміз Анар Өтегенова жеңімпаз атанды.

Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз хатшысы Лаура Палманның айтуынша, байқауға ұлы ақынның шығармаларын сүйіп оқитын 12 жастан жоғары 135-тен астам үміткер қатысты.

Онлайн-байқаудың мақсаты — ақын шығармаларын насихаттау, жастардың арасында туған жер, ұлттық мәдениет пен құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу. Осы байқауға қатысушы әр жас ұлы ақынның шығармашылығын жан-жақты танумен қатар, өңір тарихы, туған өлкенің жетістіктері туралы кеңінен мағлұмат алды,  — дейді ол.

Байқау қорытындысына сәйкес 1-орынды ақтөбелік Анар Өтегенова, 2-орынды қызылордалық Ақгүл Назарова, 3-орынды атыраулық Айкөркем Тайлыбекова иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Ақмарал МҰҚАШЕВА

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button