Басты жаңалықтарДенсаулық

Ауру жұқтыру азайып келеді

Өңір басшысы облыстық фтизиопульмонологиялық орталығына барып, мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуын, оның ішінде оттегі концентраторлық станция, хирургиялық және терапевтік корпустар, кеңес беру-диагностикалық және сәулелік диагностика бөлімшелер, компьютерлік томография, рентген кабинеттерін қарап шықты.

Медициналық мекеме ұжымымен кездесуде орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов атқарылып жатқан жұмыстар, туберкулез жұқтыру бойынша қазіргі жағдай туралы баяндады. Оның сөзінше, ауру деңгейі жыл сайын төмендеп келеді. Жыл басынан бері төмендеу 4 пайыздан асқан.

Сондай-ақ Ерлан Тәтімов орталық ғимаратының энергия тиімділігін арттыруға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Атап айтқанда, отандық өндірістің модульдік қазандығын орнату жоспарлануда, бұл жылумен жабдықтау шығындарын 15 есеге азайтуға мүмкіндік береді. Туберкулезге қарсы қызмет медициналық мекемелерінің орталықтандырылған бухгалтериясын енгізу жоспарланып отыр, бұл бюджет қаражатын үнемдеп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де төмендетеді.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов орталық қызметкерлеріне жауапты еңбектері үшін алғыс айтып, азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Өңір басшысы облыстың денсаулық сақтау саласын, оның ішінде фтизиопульмонологиялық орталықты дамытуға әлі де ерекше назар аударылатынына сендірді.

А.ЖАЛМАҒАНБЕТОВА

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button