Ауыл

Экспедиция Қарғалы ауданына барды

«Ауыл аманаты — бабалар аманаты» экспедициясы Қарғалы  ауданын аралады.

Бұл экспедиция мүшелері барған — тоғызыншы аудан. Бұған дейін олар облыс орталығынан шалғай жатқан аудандарды аралаған болатын.

Қарғалы — «Ауыл аманаты» бағдарламасына белсенді қатысып, үздік келе жатқан ауданның бірі. Бағдарлама аясында 185 жоба тапсырылған. Оның ішінде 178 жоба мақұлданып,  соның 108-і қаржыландырылған. Алынған несиенің жалпы құны — 402 миллион теңге. Несие алғандардың басым бөлігі құс өсіруді қолға алыпты. Яғни осы бағытта 108 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қаржы қолына тиген тұрғындар қазір кәсібін дөңгелентіп отыр десек те болады. Алғашқы өнімді саудаға шығаруда. Сондай-ақ облыста алғаш рет форель, яғни бақтақ балығын өсіру қолға алынған. Ара өсіріп, бал жинаумен айналысып жатқан тұрғындар да бар.

Экспедиция мүшелері несие алып, кәсіп бастаған азаматтармен кездесті. Бадамшадағы Мәдениет үйінде жиын өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мамандары жоба туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ жобаны жүзеге асырып, өнімін саудаға шығарып жатқан тұрғындар өнімдерін әкеліп, көрме ұйымдастырды.

Материалдың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Кәмшат ҚОПАЕВА

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button