АуылСпорт

Ауылдағы спорт алаңы

Мұғалжар ауданындағы Бұлақты ауылында жаңадан салынған спорт алаңы пайдалануға берілді.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен салынған спорт алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Спорт алаңының ашылуына орай әр жылдары мектеп бітірген түлектер арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 10 команда қатысты. Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Спорт алаңын орнату жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізді. Пайдалануға берілген спорт алаңында ауыл жастары спорттың бірнеше түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізетін болды.

Айтпақшы, бұған дейін Саға, Жұрын, Бірлік ауылдарында да жаңадан салынған спорт алаңдарының ашылу салтанаты өткен еді.

Жандос АЙТЖАНОВ,
Мұғалжар ауданы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button