Ауыл

Жоламанның жылыжайлары

Мәртөк ауданында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жылыжай ашқандардың қатары артып келеді. Солардың бірі — ауыл тұрғыны Жоламан Културеев.

Ол заманауи үлгідегі екі жылыжай салуды жоспарлап отыр.

Мен 8 миллион 600 мың теңге көлемінде несие алып, жылыжай құрылысын бастадым. Жылыжай салу үшін бағбан болудың қажеті жоқ. Бұрын бау-бақшаға азын-аулақ көкөніс егетін едім. Енді, міне, жаңа жылыжайда картоп, сәбіз, асқабақ, қияр және басқа да бау-бақша өнімдерін өсіруді жоспарлап отырмын. Мұнда арнайы тамшылатып суару жүйесі болады. Жылыжайға қыркүйек айының соңына таман қияр егемін. Сатып алынған тыңайтқыштарымның арқасында мол өнім жинау ойымда бар. Қазір қиярға сұраныс жоғары. Себебі көпшілігі қыстық өнімдерін алып, қиярды тұздап жатыр. Қыста қиярдың бағасы 1200 теңгеге дейін қымбаттайды. Ал мен барынша бау-бақша өнімдерін қолжетімді бағада сатқым келеді, — дейді ол.

Әлиянұр КЕЛБАТЫРОВА,
Мәртөк ауданы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button