Ауыл

Құс өсірушілер көбейіп келеді

Қарғалы ауданы Әлімбет ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 13 отбасы өтінім беріп, 22 млн 325 мың теңге көлемінде несие алған.

Ауданда құс шаруашылығы бойынша 88 жоба мақұлданып, оған 326,1 млн теңге бөлінген. Осы орайда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша кәсібін кеңейткен Айсәуле Шүкембаевамен тілдескен едік.

Жолдасым теміржол саласында жасайды. Биыл отбасыммен ақылдаса келе несие алуға шешім қабылдадық. Сол қаржыға 100-ге жуық үйрек, қаз балапандарын және 50-ден астам күркетауық сатып алдық. Әзірге қарамағымызда жұмысшылар жоқ. Болашақта кәсібімізді кеңейтіп, құс фермасын ашу ойымызда бар, — дейді ол.

Игілікті жобаның жемісін көрген Айсәуле Шүкенбаева қала тұрғындарын таза экологиялық өніммен қамтамасыз етуге ниетті. Ол мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, жұмыссыз жастарды еңбекке шақырды.

Құс өсіру — көп еңбекті қажет ететін жұмыс. Құс шаруашылығының қыр-сыры туралы жолдасымыз екеуміз жұмыс істей жүріп, зерттедік. Қазір интернетте ақпарат көп, қажеттінің барлығын табуға болады. Бастапқыдай емес, құстың жемін дайындау, дәрумендерін беру, күтіп-баптауды толық меңгеріп алдық. Болашақта жастарды, жұмыссыз адамдарды еңбекке баулығым келеді, — дейді ол.

Бақыт ИМАШЕВ,
Қарғалы ауданы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button