АуылСпорт

Футболдан турнир өтті

Шалқарда аудандық орталық Матай Қоқанұлы мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жобасының аясында шағын футболдан турнир өтті.

Турнирге аудандағы мешіттер жамағаты, тілек білдірген тұрғындар қатысты. Ашылу салтанатында ауданның бас имамы Абзал Медетбеков сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырудағы мақсат жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ көпшіліктің ауызбіршілігін нығайту екенін атап өтті.

Турнирге барлығы 6 команда қатысып, бақ сынасты. Қортындысында I орынды «Жанаман ахун» командасы жеңіп алды. Оларға 15 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. II орынды — «Дәуірхан», III орынды «Орынбасар» командалары иеленді. Оларға да ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ жекелеген ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік ойыншы» деген номинациялар бойынша марапатталды.

 Ақтолқын ТАЖИКОВА,
облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button