Спорт

«Ақтөбенің» футболшыларына сәттілік тіледі

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Ақтөбе» футбол клубының ұжымымен кездесті. Өңір басшысы Кутаисиден грузиялық «Торпедоға» қарсы матчта лайықты ойын көрсеткені үшін командаға алғысын білдіріп, алдағы қарымта матчта сәттілік тіледі.

Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелген, әдемі де үйлесімді ойын көрсету керек. Келесі матчта жеңіске жететіндеріңізге, намысты қолдан бермейтіндеріңізге сенімдімін. Біз тек жеңіс күтеміз, — деді Ералы Тоғжанов.

Футболшылармен кездесуден кейін облыс әкімі саябақтағы дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Д.ҚАЗИХАН

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button