Басты жаңалықтарМереке

Қадірлі жерлестер!  

Бүгін — Астана күні. Алатаудың баурайынан Сарыарқаның төсіне көшірілген әсем қалаға — 25 жыл. Барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Ширек ғасыр ішінде Астана Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне, бейбіт еліміздің баға жетпес байлығына, бірліктің символына айналды.

Астана — талай жанның жүрегіне қуаныш ұялатты, армандарының орындалуына қанат бітіріп, болашағына жаңа бағдар берді,  ертеңгі күнге деген сенімін шыңдай түсті.

Ару қала — Астанамызда жыл өткен сайын жаңа нысандар бой көтеріп, тұрғындар саны артып, көркейе түсуде. Қарыштап дамыған елорданың бүгінгі сәулетіне сүйсінбейтін жан жоқ. Бүгінде әрқайсысымыз Астанамызбен мақтанамыз!

Барша отандастарды елордамыздың ширек ғасырлық тойымен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа бірлік, татулық, амандық тілеймін. Отанымыздың жүрегі — бас қаламыз гүлдене берсін!

Астана күні құтты болсын!

 Ақтөбе облысының әкімі

Ералы ТОҒЖАНОВ

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button