Спорт

Хромтау волейболшылары ерледі

Бәрекелді!

Жақында елордамыз Астана қаласында волейболдан республикалық ашық турнир өтті.

Жарыста еліміздің 15 облысы мен көршілес Қырғызстан мемлекетінен келген барлығы 17 команда бақ сынады.Ақтық ойынға дейін қарсылас шақ келтірмеген жерлестеріміз І орынға таласта жергілікті «Астана» командасына ғана есе жіберді. Сөйтіп, облыстың намысын арқалап кеткен хромтаулық «МЖК-Строй Сервис» командасы жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Ауыз толтырып айтуға болатын тағы бір жайт,мұндай жетістікоблыстың ересектер арасындағы волейбол спортының тарихында бұрын болмаған, Хромтау волейболшылары ғана тұңғыш рет үздік үштіктің қатарына еніп, бірінші орынға таласты.

Командаға «МЖК-Строй Сервис» ЖШС директоры Әнуар Рысқалиев пен Жалғас Шоқпанов қолдау білдіріп, демеушілік көрсетті. Жаттықтырушы Ринат Ерғазин жетекшілік ететін команданың құрамында Алпамыс Мансұров, Жарасхан Дликин, Алдамжар Ситимбетов, Диас Жақсылық, Орзубек Туражанов, Әлішер Тельманов, Медет Шукенов, Қолғанат Бақытжан және Әлихан Саматов бар. Республикалық турнир қорытындысы бойынша Жарасхан Дликин — «Үздік байланыстырушы», Орзубек Туражанов — «Үздік доп қабылдаушы» атанды.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button