Спорт

Зейінділер сайысы

Шахмат

Ақтөбе қаласында интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанынан құрылған шахмат клубында мешіт жамағаттары арасында шахматтан сайыс өтті.

Ақтөбе қаласының дін мәселесі және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен шахмат сайысына қалалық орталық мешіті, Әл-Ләтиф, Қабақ баба, Досжан хазірет, Сүлеймен ата, Қайырқожа мешіттерінің және дін орталығының мешіт жамағаттары қатысты.

Орталықтың басшысы Сансызбай Ұлқабай өткізіліп жатқан іс-шараның шартын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Құттықтау сөз алған қалалық орталық мешіттің бас имамы Нұрлыбек Күзенбай  дәстүрлі дініміздің Ханафи мәзһабының атақты ғалымдары шахмат ойынына ақша тікпесе, уақытын босқа кетірмесе, намазы мен құлшылығына кедергі болмаса, бұл ойынға рұқсат бергенін тілге тиек етті.

Сайыс қорытындысы бойынша Еркін Жолдасов бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қанат Қартбаев иеленсе, үшінші орын Қайрат Медетовке бұйырды. Жеңімпаздарға басшылық тарапынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button