Басты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов суға түсу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралармен танысты

Ақтөбе облысында 1 маусымнан бастап су айдындарында 67 демалыс орны, оның ішінде 23 коммерциялық және 44 коммуналдық нысанда жұмыс істей бастады. Ақтөбе қаласында 20 жағажай өз жұмысын бастады, оның ішінде екі аквапарк және бір коммуналдық жағажай, ал аудандарда 47 жағажай бар.

Маусымның басталуымен облыстың су айдындарында 3 қайғылы оқиға орын алып, онда 4 бала мен 2 ересек адам қаза тапты. Негізгі себеп-жүзе алмау, ересектердің тиісті бақылауының болмауы.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов суда қауіпсіз демалуды қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шараларды тексерді.

Өңір басшысына шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖД қызметкерлері күшейтілген кезекшілік режиміне ауыстырылғаны хабарланды. Сондай-ақ, Департаменттің 200-ден астам қызметкері, оның ішінде 55 құтқарушы, 127 полиция қызметкері, 8 атты патрульдер күн сайын су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізетіні туралы баяндалды. Жағажайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 64 адам құтқарушы курсынан өтті. Қаланың су объектілерінің қауіпті учаскелерінде бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасуда, шомылуға тыйым салынған жерлерде 203 белгі орнатылды.

Үстіміздегі жылдың 31 мамырда облыс әкіміне азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауында Жарық т/а тұрғындары жүгінген болатын. Олар жаз мезгілінде тұрғын үй алабының орталық көшесімен күн сайын ондаған көліктер демалыс аймақтарына өтіп, асфальт төсемдерін зақымдайтынына шағымданды.

Осыған байланысты Ералы Тоғжанов BarBQ жағажайында демалушылармен (тұрғындармен) кездесіп, автожолға жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

BarBQ демалыс аймағында азаматтардың қауіпсіз демалуы үшін барлық жағдайлар жасалған: құтқаруға арналған құралдары, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары бар 8 білікті құтқарушы жұмыс істейді.

💬«Осы демалыс орнының өзінде күн сайын 17 адам құтқарылады. Біз жазғы демалысқа қолайлы жағдай жасалмаған басқа жағажайларды араладық, өкінішке орай ересектер мен балалар рұқсат етілмеген жерлерде шомылып, суға батып кеткен. Қалаға қосымша коммуналдық жағажайлар қажет. Олар тегін, әрі коммерциялық шомылу аймақтарындағыдай жағдай бұл жерлерде де болады, құтқарушылар тарапынан тұрақты бақылау жүргізіледі. Бұл судағы өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы, шомылу маусымын өткізу мәселесі өңір басшысының қатаң бақылауында болады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button