Басты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде жиын өткізді

Ақтөбе қаласының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, 2023 жылға арналған міндеттер белгіленген жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, Ақтөбе қаласының Алматы, Астана ауданы әкімдері қатысты.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес облыс орталығында халық саны 560 мыңға жуық адамды құрады.
Ералы Тоғжанов ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында  әлеуметтік-экономикалық көрсеткішті талдау нәтижесінде бірқатар көрсеткіштердің төмендеуіне жол бергеніне тоқталды.

Өнеркәсіптің, инвестицияның, ауыл шаруашылығының және құрылыстың өсу қарқыны бәсеңдеген.

Осы уақытқа дейін жол инфрақұрылымын дамытуға, абаттандыру және көгалдандыру, қала ішіндегі жолдардың жағдайына және т.б. қатысты тапсырмаларды орындау бойынша жұмыстар баяу жүргізілуде.

Ақтөбеде жолдардың жай-күйі, қоқыс шығару, полигондағы қалдықтардың жануынан ауадағы жағымсыз иіс пен кәріздік тазарту қондырғысының жай-күйі, сәулеттік келбеті, саябақтардың, скверлердің жағдайы және т.б. мәселелер өзекті болып қалуда.

💬«Бұл жерде мәселелерді жүйелі шешуіміз қажет. Ақтөбе қаласын дамытудағы өзекті мәселелерді шешу жөнінде Жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Барлық түйткілді мәселелер күн тәртібінен алынып тасталғанша тапсырмалардың орындалу барысы, облыс орталығын абаттандыру бойынша жобалардың іске асырылуы апта сайын тыңдалатын болады»,- деп атап өтті облыс басшысы.

Өңір басшысы Ақтөбені дамыту бойынша бірқатар нақты міндеттер қойып, бірінші кезекте облыс орталығының инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді.

Биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге 16 млрд теңге бөлінді. Газ, су және электрмен жабдықтау желілерімен бірқатар жаңа тұрғын үй алаптары қамтамасыз етіледі.

Автокөлік жолдарын асфальттауға 11,9 млрд теңге қаралған. Жалпы ұзындығы 49,4 км болатын 37 көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, жол жабынын күтіп ұстау туралы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес алғаш рет Бөкенбай батыр және Әбілқайыр хан даңғылдарындағы жолдарға «Редживасил» арнайы құрамымен жұмыстар жүргізіледі, бұл жолдың ылғалдануынан қорғайды және оның пайдалану сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі қала тұрғындарынан жолдардың жай-күйіне ғана емес, қоғамдық көліктің жұмысына да көптеген шағымдар түсетінін атап өтті.
Қазіргі уақытта Ақтөбеде жолаушылар тасымалын 46 бағыт бойынша 5 кәсіпорын жүзеге асырады. Жыл басынан бері олар сыйымдылығы жоғары 51 жаңа автобус сатып алды. Жыл соңына дейін тасымалдаушылар тағы 100 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр, осылайша проблемалы және шалғай бағыттар қамтылады.

Қалалық әкімдікке қоғамдық орындарды күтіп ұстау мен абаттандыру, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға жүйелі түрде қарау тапсырылды.

💬«Қаланың сыртқы келбеті бойынша тұрғындардан шағымдар түсуде. Жаз келді, ауа-райы ыстық, бірақ бірде-бір субұрқақ жұмыс істемейді. Барлығы жөндеуді қажет етеді. Саябақтар мен алаңдарда тәртіпсіздік орын алған, түтіндеген дүңгіршектер, машиналар, велосипедтер, скутерлер толып жүр. Мұның бәрін бір жүйеге келтіру керек.  Саябақтар мен скверлер ең алдымен қала тұрғындарының жайлы демалатын орны болуы тиіс», – деді Ералы Тоғжанов.

Қала әкімдігінің басшылығы ағымдағы жылы қала көшелерінде кемінде 1 200 жарық нүктесін орнату бойынша жобаны сапалы және уақтылы іске асыруға ерекше назар аударуы тиіс.
Қала көшелерін жарықтандыру бойынша ең криминогендік учаскелер басымдыққа ие. Сондай-ақ, жарықтандыруды 100 аулаға орнату жоспарланып, 70-тен астам аула аумағы жөнделеді. Қаланы сәндік жарықтандыру жұмыстары да жалғасады.
Көшелерді таза ұстау үшін ағымдағы жылы осы мақсаттарға бөлінген қаражат көлемі 2,7 есеге ұлғайтылды, сондай-ақ көшелерді санитарлық тазалау бойынша 50 бірліктен астам техника сатып алу жоспарлануда.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button