Спорт

Жаңа төраға таныстырылды

Футбол

Кеше «Ақтөбе» футбол клубы баспасөз орталығында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров жаңа төрағамен таныстырды.

«Ақтөбе» футбол клубы басқармасының жаңа басшысы Сергей Куленко — Ақтөбеде туып-өскен азамат. Ақтөбе педагогикалық институтының түлегі. Жас кезінде ол «Актюбинец» командасында ойнаған, кейін Ресейдің Тула қаласына қоныс аударып, жергілікті «Арсенал» футбол командасында еңбек етіпті.

— Туған жерім — Ақтөбеге келгеніме қуаныштымын. Бұл қала маған үлкен өмірге жолдама берді. Ал «Ақтөбе» — жанкүйері көп, танымал футбол клубы. Клубтың осы уақытқа дейін шыққан белестері де көп. Жіберген қателіктері де бар. Бәрін де білемін. Футбол маусымы басында облыс әкімі футбол клубының алдына ел чемпионы болуды міндеттеді. Енді сол мақсатқа жету үшін бірігіп, талмай еңбектенуіміз керек. Алдағы уақытта клубтың жетістігін еселеп, абырой-беделін арттыруға күш салуға тырысамын, — деді Сергей Куленко.

Баспасөз мәслихатында «Ақтөбе» футбол клубы басқармасының бұған дейінгі басшысы Ерлан Жамантаевтың өз еркімен қызметтен кеткені белгілі болды. Сонымен қатар клуб маркетингі, балалар футбол академиясының құрылысы мен орталық стадионның жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелер көтерілді.

 А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button