Спорт

Спорт — денсаулық кепілі

Спартакиада

Кеше Ақтөбе қаласындағы «Денсаулық» паркінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Медицина қызметкерлері салауаты өмір салтын таңдайды» атты спартакиаданың ашылуы өтті.

Медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған спартакиадаға емдеу-алдын алу мекемелерінің медицина қызметкерлері қатысты.

Жарысқа емдеу-профилактикалық мекемелері қызметкерлерінен құралған жиырма үш команда қатысып, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және арқан тартудан бағын сынайды.

— Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шымыр болады. Бірінші байлық — денсаулық. Іс-шара мақсаты —  дәрігерлердің денсаулығын нығайту, сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, — дейді денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айгүл Байбатшаева.

Спартакиада 15 маусымға дейін жалғасады.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button