Спорт

Ақтөбе» футбол клубы «Шахтерге» қарсы ойында жеңіске жетті

«Ақтөбе» футбол командасы қоржынына кезекті үш ұпайды еншіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жергілікті командаға қолдау білдіріп, ойынды тамашалады.


Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында «Ақтөбе» командасы өз алаңында қарағандылық «Шахтер» клубын қабылдады.
Ойынның қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 2:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде 3-ші орынға көтерілді.

Ералы Тоғжанов матчтан кейін ойыншыларды жеңістерімен құттықтау үшін киім ауыстыратын бөлмеге барып, жанкүйерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін алғысын білдірді.

«Әсерлі ойын үшін рахмет. Керемет футбол көрсетіп, жанкүйерлерді қуанттыңыздар. Стадионда жөндеу жұмыстары уәде етілгендей уақытында аяқталды, енді сіздер қолайлы жағдайда ойнап, жаттығуға мүмкіндік бар. Осы қалыптарыңыздан таймаңыздар!»,- деді облыс әкімі.

Келесі матчты біздің команда түркістандық «Мақтааралмен» өткізеді.
Бұл Орталық стадионда жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейінгі алғашқы матч.

Стадионда футбол алаңы жаңартылып, орындықтарды ішінара ауыстыру, киім ауыстыратын және санитарлық бөлмелер, медициналық кабинеттер және т.б. жөнделді.

Жұмыстар өңірдің бірқатар компанияларының әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүргізілді.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button