Басты жаңалықтарМереке

Ақтөбеде көппәтерлі үйлердің аулаларында балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өтті

Ақтөбе қаласындағы көппәтерлі үйлердің аулаларын абаттандыру, оның тазалығы, көршілердің бірлігі мен татулығы, ең алдымен, сол тұрып жатқан үйлердегі тұрғындарға тікелей байланысты. Бұған дәлел ретінде Әбілқайыр хан (№31 үй) мен Абай (№3 үй) даңғылының қиылысында орналасқан екі үйдің тұрғындары мысал бола алады.

Бүгін тұрғындар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай екі үйге ортақ аулада 60-қа жуық балаға арнап аниматорлар өнер көрсетіп, түрлі байқаулар ұйымдастырып керемет мереке өткізді. Ұйымдастыру барысына қалалық мәслихат, спорт бөлімі және саңыраулар қоғамы ат салысты.

Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов балалар мен олардың ата-аналарына жылы лебізін білдірді.

💬 «Бұл біздің әр баламыз үшін жауапкершілігімізді еске түсіріп, олардың жан-дүниесін түсінуге мүмкіндік беретін тамаша мереке. Барлық балалар бақытты болуға әбден лайық, сол үшін біз атқарушы билік тарапынан олардың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауды жалғастырамыз»- деп атап өтті өңір басшысы.

Айта кетейік, көпқабатты үйлердің ауласы жақын арада абаттандырылып, спорт және ойын алаңдары, оның ішінде футбол алаңы, киіз үй орнату және аумақты асфальттау жұмыстары жоспарлануда. Абаттандыру жобасын тұрғындардың өздері әзірлеп,  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 млн теңгеге қаржыландырылатын болады.

Ералы Тоғжанов тұрғындарға белсенді өмірлік ұстанымы үшін алғысын білдіріп, олардың ауызбіршілігі көптеген қала тұрғындары үшін үлгі бола алатынын тілге тиек етті.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button