Басты жаңалықтар

Айналайын балалар!  Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке –  балаларымыз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін мейрам. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, мемлекеттің басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ертеңі.

Ақтөбе облысында 200 мыңнан астам  бала бар. Сіздер лайықты тәрбие алсын, ұлттық тамырынан ажырамасын, заманға бейім болсын, бос уақытын пайдалы өткізсін, қажетті ем-домын еш кедергісіз алсын, арман-қиялының шындыққа айналарына сенсін деген мақсатпен өңірде қаншама ауқымды шаралар атқарылып жатыр, болашақта да жалғасын таба бермек.

Ұлы ақын Абай атамыз «Адамның бір қызығы бала» деген. Сіздер бақытты балаларсыздар! Сапалы білім алу, ата-ананы тыңдау, бар мүмкіндікті пайдалану керек. Барлық мықты тұлғалар мектептен шығады. Сіздердің орталарыңызда ертең болашақ мықты дәрігерлер, педагогтар, инженерлер, құрылысшылар, жазушылар, атақты суретшілер, спортшылар ұшқыштар шығары сөзсіз.

Айналайын балалар, өңір басшысы ретінде мен, әрдайым балаларға арналған жобаларға қолдау көрсетіп, армандарыңыздың орындалуына жағдай жасап  келемін.  Менің сіздерге артар үмітім зор және ертеңгі күні облысымыз бен мемлекетіміздің атын шығаратын, елге танытатын азаматтар боласыздар деп сенім білдіремін.

Әрқашан бойларыңа оқу мен тәрбие жинап, оқуда озат, спортта, өнерде алда көрінулеріңе тілекшімін.  Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын!

©️ Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының әкімі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button