Басты жаңалықтар

Бес жұлдызды Hilton Aktobe қонақ үйі 2023 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Ең алдымен,  өңір басшысы «Стройдеталь» ЖШС-ға барды. Батыс Қазақстандағы ірі зауыттардың бірі бүгінде құрама темірбетон, әк, керамзит қиыршық тас, тауарлы бетон өндіреді. 

1968 жылы пайдалануға берілген өндіріс орны биыл 55 жылдық мерейтойын атап өтті. Кәсіпорында 500-ге жуық адам жұмыс істейді.

Өндіріс қуаттылығы жылына 550 мың тонна өнімді құрайды, оның ішінде 250 мың тонна құрама бетонды көпқабатты үйлер салатын жергілікті құрылыс компаниялары пайдаланады.

Өндіріс цехтарын аралаған өңір басшысы ЖШС басшылығына өнім сапасына ерекше назар аударуды тапсырды.

Ералы Тоғжанов батыс аймақтағы ең ірі отбасылық саябақтардың бірі Үurta Park тыныс-тіршілігімен танысты.
Саябақ аумағында бірнеше аттракциондар, фотоаймақтар, киіз үйлер құрылған. Күніне мұнда деиалу үшін 1500 адам келеді, 31 мамырдан бастап күніне 600 адамды қабылдайтын аквапарк ашылады.

Демалыс орнының жалпы ауданы 5 гектарды құрайды, жобаға 400 миллион теңгеден астам инвестиция салынды. «БЖК-2025» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Үurta Park жобасының маңызды бір бөлшегі демалыс саябағы болса, оның екінші кезеңінде жастар саябағы салынады.
Шілде айының ортасында мұнда ашық аспан астындағы кинотеатр, спорт алаңдары, фуд-корт іске қосылады.

Өңір басшысының тапсырмасымен Орталық стадион маңындағы құрылысы ұзаққа созылған ғимараттың мәселесі шешіледі.

Қаланы аралау бағдарламасының соңында облыс әкімі HILTON AKTOBE қонақ үй кешеніне барды.

METEXPO-Trading ЖШС жобасына сәйкес, 5 жұлдызды қонақүйде 181 бөлме, екі мейрамхана, оның ішінде авторлық асханасы бар бір эксклюзивті мейрамхана, спа, жабық бассейн бар. Сондай-ақ, қонақ үйде арнайы мерекелер өткізуге арналған зал, спа аймағы және фитнес орталығы, заманауи конференц-зал болады.

Инвестор қонақ үйді 2023 жылдың желтоқсанында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Жобаның құны 3,9 млрд. теңгені құрайды.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button