Басты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Ақтөбеде жол жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысын тексерді

Үстіміздегі жылы Ақтөбе облысының тарихында рекордтық 848 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және салу жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі қазіргі 72%-дан 78%-ға дейін ұлғайтылады деп күтілуде.
Жұмыстың басым бөлігі құрылыс материалдарын дайындауға жауапкершілікпен қарауды талап етеді.


Бүгін облыс әкімі сыйымдылығы 3700 тонна болатын «ГОАР» ЖШС битум қоймасының жұмыс барысымен танысып, қоймалардың битуммен толтырылғанына көз жеткізді.

💬 «Біздің алдымызда тұрған басты міндет – битум мәселесін шешу. Өткен жылы битумның жетіспеушілігінен жұмыс қарқыны баяулаған болатын, бұл жағдайдың қайталануына жол бермеуге тиіспіз», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Өңір басшысы уәкілетті органдарға жол-құрылыс компанияларын қиыршық тас, құм-қиыршық тас қоспасы мен битумның қажетті көлемімен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазіргі уақытта облыстың битум қоймаларында 16 мың тоннадан астам битум жинақталған. Аталған құрылыс материалын сатып алу және әкелу жұмыстары жалғасуда. Алдын-ала жасалған келісімдер бойынша мамыр-маусым айларында 10 мың тоннадан астам битум жеткізіледі.

Облыс әкімі «Казкомсервис» ЖШС өндірістік базасының асфальтбетон зауытының жұмыс барысымен танысып, толықтай автоматтандырылған өндіріс процесін аралап көрді.
Облыс әкімінің битум қоймаларының қуатын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша кәсіпорын тиісті шаралар қабылдаған. Қазіргі уақытта 2500 тоннаға арналған битум қоймасының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ өндіріс аумағында «Қазкомсервис» компаниясы жүзеге асыратын жол жобалары үшін темірбетон бұйымдарын өндіру цехы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жұмыс бабымен қаланы аралау барысында өңір басшысы «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» автожолының 21,5-тен 35,3 шақырымға дейінгі учаскесінің қайта жаңарту жұмыстарын тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі осы учаскедегі жұмыстарды осыған дейін жеке бақылауына алған болатын. Нәтижесінде, өткен жылдың күзінде қысқа мерзімде екі жолақты жол төселіп, көлік қозғалысын ашуға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында 2,9 шақырым жолдың негізгі астыңғы қабаты дайындалып, мамыр айында асфальтбетон қоспасын төсеу басталды. Жұмыс белсенді қарқынмен жүргізіліп,  қысқа мерзімде аяқталады деп күтілуде.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button