Басты жаңалықтар

Мұғалжар ауданының жаңа әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берілді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және  Мұғалжар аудандық мәслихатының келісімімен Дархан Ермағанбетов Мұғалжар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Өңір басшысы Д.Ермағанбетовті аудан активіне таныстырып, жаңа әкімге әлеуметтік-экономикалық даму және халықты жұмыспен қамту бағытындағы  міндеттерді сапалы орындауға баса назар аударуды тапсырды.

💬 «Мұғалжар ауданы – облыстағы ең ірі аудандардың бірі. Оның зор әлеуеті бар және өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуы тиіс, алайда қазіргі таңда біз көрсеткіштердің төмендеп кеткенін көріп отырмыз. «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктері де толық көлемде пайдаланылмаған. Осыған байланысты барлық негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет. Экономиканы дамыту, ауданның әлеуметтік күрмелген мәселесін шешу, сондай-ақ «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру басым бағыттардың бірі болып қала береді. Аудан көлемінде жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар халықтың толғандырған мәселелерін шешуде әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, ат салысуы тиіс. Ал бұл жұмыстарды ұйымдастыру, аудан басшылығының негізгі міндеттерінің бірі», – деп атап өтті облыс әкімі.

Өз кезегінде Д.Ермағанбетов аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бар күшін салатындығын жеткізді.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button