Басты жаңалықтар

Темір ауданы Кеңқияқ ауылының полиция бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізіледі

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Темір ауданының Кеңқияқ ауылына жұмыс сапары аясында ауылдық полиция бөлімшесінің жұмыс барысымен танысты.

Ауылдық полиция бөлімшесінің автопаркінде 6 көлік бірлігі бар, бірақ барлық көліктердің тозығы жеткен, жаңартуды қажет етеді.

Өңір басшысы тәртіп сақшыларына қызметтік көліктің кілтін табыстап, әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар ауылдық полиция бөлімшесінің ғимараты 1982 жылы салынған, соңғы рет күрделі жөндеу 2011 жылы жасалған.

Өңір басшысы қысқа мерзімде ғимаратқа, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жатақханасына күрделі жөндеу жүргізуді және қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасалатынын шегеледі.

💬 «Біз шұғыл түрде полиция бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын нығайтамыз. Ауылдық округте тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануы тиіс»,деді облыс әкімі тәртіп сақшыларына.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button