Спорт

Екінші маусым басталды

Superbol

Ақтөбеде футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында SuperBol жобасының екінші маусымының өңірлік іріктеу туры басталды. Жобаның басты мақсаты  таланты жастарды таңдау, олардың кәсіби спортшылармен екі ай бойы жаттығуына мүмкіндік беру.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов SuperBol реалити-шоуының жаңа маусымының басталуымен құттықтап, кастингтің барлық қатысушыларына сәттілік тілеп, өңірде футболдың дамуына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

—  Облыстағы 2 мыңнан астам секцияда 44 мыңнан астам адам футболмен айналысады. Сонымен қатар өңірде 2012 жылдан бастап кәсіби клубтардың жас футболшыларды даярлауына мүмкіндік беріліп, «Ақтөбе» футбол орталығы құрылды, қазір жұмысын жалғастыруда. Онда УЕФА-ның «А» және «В» санаттарындағы лицензиялары бар білікті жаттықтырушылар жұмыс істейді. Бүгінде футбол орталығының 15 филиалында 600-ге жуық бала жаттығады. «Ақтөбе» ФК —қазақстандық футбол тарихындағы ең үздік командалардың бірі. Superbol жобасының арқасында футболдың жаңа жұлдыздары жанатынына, олардың ішінде ақтөбеліктер де болатынына сенімдімін. Жобаның басталуымен құттықтаймын және барлық қатысушыға сәттілік тілеймін, — деді ЕралыТоғжанов.

Іріктеу ойындары Қазақстанның 14 өңірінде өтеді. Финалдық іріктеу Алматыда ұйымдастырылады. Кастингке 16-24 жас аралығындағы 50 адам қатысады, оның 25-і базаға жіберілсе, қалғандары резервке енеді. Кәсіби жаттықтырушылар және футболшылармен бірге реалити-шоуға қатысушылар жаттығу процесіне қатысады.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, былтырғы жобаның арқасында көптеген адам спортқа жолдама алған. Атап айтқанда, бірден тоғыз футболшы кәсіби клубтармен келісімшарт жасасты.

А.САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button