Басты жаңалықтарМереке

Ақтөбе облысының әкімі еңбек ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Бүгін, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов еңбек ардагері Кеңес Бірмановты 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Өңір басшысы аға буын өкілдері еліміздің дамуына және өсіп-өркендеуіне, Тәуелсіздігімізді нығайтуға қосқан ерен еңбектерін атап өтіп, олардың өмір жолы бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін жеткізді.

Өз кезегінде қария облыс басшысына көрсеткен құрметі үшін ризашылығын білдіріп, бейбіт өмір, болашақтың жарқын болуын тілеп, ақ батасын берді.

Кеңес Бірманов 1938 жылы Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолы зоотехник және асылдандыру маманы болып қызметін атқарудан басталды. Кейін ауылдық партия хатшысы, Қазақстан компартиясының Ақтөбе облыстық ауылшаруашылық бөлімінің нұсқаушысы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болды. Мұғалжар ауданының «Құрметті азаматы».

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button